Досымжан Таңатаровтың «Отаным десем...» шығармашылық кеші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Досымжан Таңатаровтың «Отаным десем...» шығармашылық кеші

06.09.2015
Досымжан Таңатаровтың «Отаным десем...» шығармашылық кеші

Жуырда ғана Астана қаласында өткен кеште әншінің 15-20 жыл бұрынғы әндері және ең алғашқы орындаған әндері жаңаша өңделіп, орындалды.

Кешке опера әншілері Жанат Шыбықбаев, Әсел Мәдекешова, дәстүрлі әншілер – Елмұра Жаңабергенова, Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова, Саят Медеуов, Тоқтар Серіков, Әйгерім Қалаубаева және «Аламан» тобы сынды өнерпаздар қатысты.

Сондай-ақ, концертте әншінің өзі қызмет ететін Президент оркестрінің толық құрамы өнер көрсеткен болатын.

Ел мен жерді, ауылды, туыстарды жырлайтын әндердің басы қосылған кешті бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:15-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу