
«Мен осы жерде Қытайдың әскер санын 300 мың адамға қысқартатынын мәлімдеймін»,-деді ҚХР-дің төрағасы Жапониямен соғыстағы қытай халқының жеңісінің және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 70 жыл толуына орай өткен әскери шеру барысында сөйлеген сөзінде.
«Қытай бебітшілікке ұмтылып отыр және ол алдағы уақытта да бейбіт даму бағытында өркендей беретін болады. Қытай қандай да болсын биіктерді бағындырғанымен ол ешкімге де күш көрсетпейді»,-деді ол.
Қытай басшысының айтуынша, бұл ел адамзат дамуына одан әрі де сүбелі үлес қоса беретін болады. «Барлық әскер өздерінің халыққа қалтқысыз қызмет етіп, Отан қауіпсіздігі мен халықтың бебіт өмірін қорғау жөніндегі қасиетті борыштары мен бүкіл әлемдегі бейбітшілікті қорғау жөніндегі міндеттерін абыроймен атқарулары қажеттігін әрдайым есте ұстаулары керек»,-деді ол.
Қытай әскері бүгінде саны жағынан әлемдегі ең үлкен әскер саналады. қазіргі уақытта Қытай әскерінің саны 2 млн. 300 мың жауынгерден тұрады, деп хабарлайды bin.ua.
