Дональд Трамп дәстүр бойынша «Елдегі жағдай туралы» Конгресске үндеу жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп дәстүр бойынша «Елдегі жағдай туралы» Конгресске үндеу жасады

06.02.2019

АҚШ президенті Дональд Трамп дәстүр бойынша «Елдегі жағдай туралы» Конгресске үндеу жасады. 1,5 сағатқа созылған жолдауда ол ішкі және сыртқы саясатқа қатысты шамамен 5 мыңдай сөз айтқан екен. Сонымен қатар, осы уақыт ішінде Трампқа залдағылар талай рет қол шапалақтап, қошемет білдірді. 

Ақ үй басшысы Ресеймен арадағы ядролық қаруды шектеу туралы келісімді қайта жасап, оған Қытай мен өзге елдерді де тартуға үміт білдірді. Сондай-ақ, Трамп Венесуэла оппозициясын қолдайтынын айтып, Мексика мен АҚШ шекарасында бәрібір қабырға тұрғызуға уәде берді. Тағы бір сөзінде Трамп ақпанның 27-28-і күндері Вьетнамда Солтүстік Корея лидерімен екінші рет саммит өткізетінін мәлімдеді. Ал, Ауғанстандағы америкалық әскер санын ол тәліптер мен билік оңтайлы келіссөз жүргізгенде ғана қысқартпақ. Қытай туралы сөзінде Трамп Бейжіңді Американың интеллектуалдық мүлкін жымқырып, Құрама Штаттар өнеркәсібіне зиян келтірді деп айыптады. Жолдау соңында президент халқын бірлікке шақырған.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу