Қытайдың Цзяньсу провинциясы «Қорғас-Шығыс қақпасы» аймағын дамытуға 600 млн доллар инвестиция салатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Цзяньсу провинциясы «Қорғас-Шығыс қақпасы» аймағын дамытуға 600 млн доллар инвестиция салатын болды

01.09.2015
Қытайдың  Цзяньсу  провинциясы «Қорғас-Шығыс қақпасы»  аймағын дамытуға 600 млн доллар инвестиция салатын болды

Мемлекет басшысының ҚХР-ның мемлекеттік сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Цзянсу провинциясының губернаторы Ли Сюеюнмен Қазақстандағы «Қорғас-Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағы мен Қытайдағы ШЫҰ халықаралық логистикалық аймағы Ляньюньган теңіз айлағы инфрақұрылымын дамытуға бағытталған шекті келісімге қол қойды.

Шекті келісім «Қорғас-Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағы және Ляньюньган айлағы инфрақұрылымын дамыту, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайта түсу, мемлекеттердің көліктік-транзиттік әлеуетін жүзеге асыру мақсатында жасалып отыр.

Оның сыртында халықаралық темір жол логистикалық саласын бірлесіп көтере түсу жоспарланып отыр. Құжатта тарифтік реттеу тетіктерін жетілдіру, жүк тасымалы уақытын қысқарту, тұрақты бәсекелестікке сай халықаралық пойыздарды жасақтау және оның жүру кестесін барынша жылдамдату жайлары қарастырылған.

Жаңа келісімде алдағы бес жыл көлемінде Қытай тарапы «Қорғас-Шығыс қақпасы» еркін экономикалық және индустриялық аймағын қалыптастыру мен логистиканы дамыту мақсатына АҚШ-тың 600 млн. доллары көлемінде тікелей инвестиция бөледі.

ҚР мен ҚХР көліктік-логистикалық қызмет саласын дамытудағы өзара тиімді серіктестікті одан әрі жетілдіре түсуде. 

Ляньюньган айлағындағы Қазақстан-Қытай терминалы ашылғалы бері екі жақты қарым-қатынаста іскерлік байланыстар бұрынғыдан да жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу