Білім күнінің шығу тарихы б.з. ІV ғасырлардан бастау алады. 325 жылы атақты Рим императоры Константин әлемді таң қалдырған алып шіркеу тұрғызып, бірінші қыркүйек күні Жаңа жыл мерекесін тойлау туралы шешім шығарады.
Алайда, қаулы бірден күшіне еніп кете алған жоқ. Ресейде және басқа да мемлекеттерде Жаңа жыл наурыз-сәуір айларында атап өтіліп жүрді. Жүздеген жылдарды араға салғаннан кейін, 1492 жылы ІІІ Иоаннаның бұйрығымен Жаңа Жылды тойлау дәстүрі бірінші қыркүйекке ауыстырылады.
Бұл кездері мектептер шіркеу қабырғаларында орналаспайтын еді. Осы себепті оқу жылының басталуы Жаңа жылмен бірдей белгіленеді. Сондай-ақ, бұл күні Жаңа жыл, Білім күні мерекелері ғана емес, салық жиналатын күн болған.
Иоаннаның жарлығынан кейін кыркүйектік «жыл басы» жалғаса берді. Тек 1699 жылы еуропалықтардан ерекшеленбес үшін Жаңа жылды тойлау бірінші қаңтарға ауыстырылды. Бір қызығы, дәл осы жыл – төрт айға ғана созылған екен (1 қыркүйек – 1 қаңтар).
Неге оқу жылының басталу күні өзгертілмеді? Өйткені, жылдың төрт айға созылуына рұқсат берілсе де, оқушылардың білім алуына кедергі келтіруге болмайтын еді. Олай болған жағдайда, балалар бір сыныпты төрт айда аяқтап тастаулары керек болатын. Ал, бұл мүмкін емес.
Бір жағынан климаттың да әсері болғанға ұқсайды, өйткені, оқушыларға күздің қара суық күндеріне қарағанда жаздың жаймашуақ күндерінде демалған әлдеқайда ыңғайлы еді.