Дональд Трамп өзі басқаратын үкіметтен 230 миллион доллар өтемақы талап етті
Дональд Трамп өзі басқаратын үкіметтен қомақты өтемақы талап етті. Ия қате естімедіңіз. АҚШ президенті Әділет министрлігінен өзіне қарсы жүргізілген тергеулер үшін 230 миллион доллар төлеуді сұрап отыр. Өзіне тікелей бағынышты құрылым Трамптың талабын қанағаттандырады ма?
Әкімшілік талап арыз жіберу істі сотқа дейін реттеудің ресми жолы. Егер әділет министрлігі сұраған өтемақысын
бермесе Трамп сотқа жүгіне алады.
Жалғас
Сәдібекұлы, тілші:
Трамптың өзі басқаратын үкіметтен қомақты өтемақы талап еткені Америка қоғамында қызу талқыланып жатқан негізгі тақырып . Президеттің қорғаушылары әкімшілік талап арызды АҚШ Әділет министрлігіне жолдап үлгерген. Трамп өзіне қарсы жүргізілген тергеулерді «саяси қудалау» және «әділетсіз айыптаулар» деп санайды. Сондықтан өтемақы алуға әбден хақым бар дейді.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
Олар менің үйіме заңсыз кірді. Сондықтан сотқа бердім. Ал, Президент болғаннан кейін: «Мен өзімді өзім сотқа беріп жатырмын ғой. Білмеймін, мұндай жағдайда сот ісін қалай реттеуге болады» дедім. «Маған пәлен доллар беріңдер», – деп айтатын шығармын. Бірақ сот ісімен не істеуім керегін білмей тұрмын. Енді мен жеңіп тұрмын, бірақ енді өзімді өзім сотқа беріп жатқаным оғаш көрінеді екен.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Оғаш көрінсе де ойын өзгертпеді. Қайтадан арыз түсіріп отыр. Бұған дейін ол 2023 және 2024 жылдары екі рет арыз жолдаған еді. Біріншісінде Әділет министрлігін өзін заңсыз тергеді деп айыптап, өтеміне 110 миллион доллар сұраған. Ал, екіншісі арызда Федералды барлау қызметінің Флоридадағы резиденциясына тінту жүргізгенін заңсыз деп санап, 120 миллион доллар өндірмек болды. Алайда, екі құрылым да арыздарын жауыпсыз қалдырған еді. Енді міне президенттік билікті қайта қолына алған соң адвокаттары сол екі арызды біріктіріп 230 миллион доллар талап етіп, Әділет министрілігіне әкімшілік талап хат жіберген.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
Ал енді барлық сот істері мен тергеулерге келсек, иә, үкімет маған көп ақша қарыз шығар. Бірақ егер мен өз елімнен өтемақы өндіріп алсам, оны жақсы іске жұмсаймын, Мысалы, қайырымдылыққа беремін немесе Ақ үйді қалпына келтіру үшін пайдаланамын.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Әкімшілік талап арыз жіберу істі сотқа дейін реттеудің ресми жолы. Егер Әділет министрлігі сұраған өтемақысын бермесе Трамп сотқа жүгіне алады. Алайда, сарапшылардың пікірінше, Ақ үй басшысы сотқа шағым түсірмей ақ өтемақы өндіріп алуы мүмкін. Себебі, талап арызды қарап шешім шығаруы тиіс Әділет министрлігінің лауазымды тұлғалары Трамптың ұзақ жыл бірге жұмыс істеген сенімді серіктері. Сондықтан мамандар мұны сыбайластыққа жол ашатын «ашық мүдделер қақтығысы» деп отыр. Қалай болса да іс басындағы президенттің өзі басқаратын үкіметтен өтемақы талап етуі АҚШ тарихында бірінші рет болып тұр.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстан қазақтары мерекемен құттықтады
23.10.2025, 13:21

Қостанайда Республика күніне орай жаңа саябақ ашылды
23.10.2025, 13:18
Астанада мектеп оқушылары 250 түп ағаш екті
23.10.2025, 13:12
Жаңа Зеландияда төтенше жағдай жарияланды
23.10.2025, 13:10
АҚШ Ресейдің ірі мұнай компанияларына санкция салды
23.10.2025, 13:08
Сенат ЖИ туралы заңды Мәжіліске қайтарды
23.10.2025, 13:06
ЖИ заң саласына жүйелі түрде енгізілуде
23.10.2025, 13:03
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 12 адам қаза тапты
23.10.2025, 13:00