Ресейде дәрі қоры 9 айда таусылуы мүмкін
Ресейде қоймада сақталған дәрі қоры 9 айда таусылуы мүмкін. Мамандар санкция салдарынан қатты зардап шеккен фармацевтика саласында дағдарыс басталғанын айтады. Логистиканың бұзылуынан қажетті техника, құрал-жабдық пен дәрі шығаруға шикізат жоқ. Әсіресе АИТВ (ВИЧ) және С гепатитін емдеуге арналған препарат тапшы. Сонымен қатар, дәріханалар көптеп жабылуда. Өйткені маман жетпейді. Үкімет енді почта қызметкерлеріне де дәрі сатуға рұқсат беру туралы мәселені қарауда. Алдымен олар 72 сағат оқуы тиіс. Бұл жаңалықтан соң фармацевт саны 20 мыңға азайып, дәрі тағы қымбаттады.
Виктория Преснякова, Тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының атқарушы
директоры:
Бағасы қолжетімді дәріні сату фармацевтикалық компаниялар үшін тиімсіз болып кетті. Өйткені логистика жоқ. Сондықтан арзан бағаға дәрі табу мүмкін емес. Қымбат препараттардың өзі 15-20, тіпті 30 пайызға қымбаттады. Бұл бағаны дәріханалар қоймайды, өндірушілер құнын шарықтатып жіберді.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10