Бүгін «Жарық» атты отбасылық телехикая эфирге шығады. Туынды оқиғалары «жоғары кернеу аймағында» - бірегей «Мойнақ» ГЭС-і айналасында өрбиді.
24 бөлімнен тұратын туынды режиссері - Бақтияр Сейтқазиев. Түсірілім жұмыстары Шарын өзені және Шарын шатқалдары маңында жүргізілген.
Телехикаяны «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша «Астанателефильм» киностудиясы түсірген.
Бүгіннен бастап дүйсенбі-бейсенбі аралығында Ұлттық арнадан сағат 21:50-де «Жарық» телехикаясын тамашалай аласыздар.