«12 ай - Жаңа ертегі» фильмі көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«12 ай - Жаңа ертегі» фильмі көрсетіледі

10.02.2015
«12 ай - Жаңа ертегі»  фильмі көрсетіледі

19-ақпаннан бастап, қазақстандық көрермендерге ресейлік режиссер Денис Елеонскийдің «12 ай - Жаңа ертегі»  фильмі  жол тартпақ.  

Мәскеу қаласында  тың туындының журналистерге арналған шағын көрсетілімі өтті.

Фэнтези жанрындағы фильм Самуил Маршактың көпке танымал «12 ай» ертегісінің желісі бойынша түсірілген.

Рөлдерді Юрий Гальцев, Евгений Воскресенский сынды белгілі актерлер сомдайды.

Көркем туынды продюссерлерінің бірі - қазақстандық Әлия Уалжанова.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу