Жұпар иісті (мускусты) қауын – асқабақ және қияр тұқымдасына жататын көкөніс. Жапырағы ірі, кезектесіп орналасқан, жіңішке сабағы буындарға тарамданып, жер бетіне төселіп өседі. Бастауын Үндістан, Ежелгі Парсы және Африка елдерінен алады.
Қауын дәмді ғана емес, сондай-ақ, оның пайдасы да көп. Алдымен, онда калория аз (100 граммда 34 ККал бар). Сонымен қатар, мұнда майдың да мөлшері өте аз. Бірақ, түйінінде адам денсаулығына пайдалы дәрумендер мен минералдар жеткілікті.
Жұпар иісті қауын А дәруменінің негізгі көзі. Ал, бұл дәрумен көру қабілетін жақсартуға әсер етеді. А дәрумені тері мен көздің шырышты қабағын қалыпты жағдайда ұстап тұрады. Айта кету керек, А дәрумені бар көкөністерді пайдалану өкпенің қатерлі ісігі және ауыз қуысы ауруларының алдын алуға көмектеседі.
Жұпар иісті қауындарда сондай-ақ, құрамына бета-каротин, зеаксантин және криптоксантин кіретін антиоксидантты флавоноидтер бар. Бұл антиоксиданттар клеткаларды, ағзаның басқа да құрылымдарын радикалды кислородтардан қорғап, жиекті ішек, сүт безі, эндометрия, өкпе және ұйқы безінің қатерлі ісікке шалдықпауына ықпал етеді.
Қауында калий электролиті орта есеппен алғанда 100 грамға 267 миллиграмнан келеді. Ал, калий – ағзаның және клеткалар сұйықтығының негізгі компоненті. Ол жүрек қағысы мен қан қысымын бақылауға мүмкіндік береді. Яғни, инсульт және жүрек қан тамыры ауруларының алдын алады. Жұпар иісті қауында сондай-ақ, В және С дәрумендері мен маңызды минерал марганец бар.