Ұлттық паркте соңы адам өліміне алып келген төтенше жағдай орын алды.
Кезінде американдық стоматологтың Сесила атты арыстанды өлтіріп тастағанынан кейін атағы жер жарып тұрған Зимбабвеның Хванг ұлттық паркінде Нксаха атты арыстан туристерді қыдыртып жүрген азаматты талап тастады.
Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Ұлттық парктің әкімшілік өкілдерінің айтуынша, жол сілтеуші азамат арыстанның ізін тауып алып, оның ізіне түседі. Сол сәтте арыстандардың бірі азаматты тарпа бас салып, талап тастаған. Азамат өте ауыр дене жарақаттарын алды. Енді оның тірі қалуы қиын деп бағаланып отыр.
Осыған дейін Зимбабвенің Президенті Роберт Мугабе республика жұртшылығының алдына шығып, Сесила арыстандарын өлтіргендері үшін шетелдіктерді айыптап сөз сөйлеген болатын. Өйткені, Сесила осы елді нышаны іспеттес жануар.