2015 жылдың 27 тамызында сағат 17:00-де Бейбітшілік көшесі, 25 мекен-жайындағы Жұмыспен қамту орталығында «Қасиет» психологиялық орталығы «Өзін-өзі дамыту психологиясы» тақырыбына жұмыссыздарға арналған тегін семинар-тренинг өткізеді.
Семинар-тренинг өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі тұлға ретінде жетілдіруге, психологиялық орнықтылықты, өзін-өзі бақылау дағды жүйесін және қиын-қыстау жағдайларда басқаруды дамытуға бағытталған.
Елорда әкімдігінң баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қаласында жыл басынан бері 10 мы 530 жаңа жұмыс орыны ашылды. Соның ішінде: өнеркәсіп саласында – 827, сауда – 2 418, көлік және байланыс – 679, білім және денсаулық сақтау саласы – 1 741, құрылыс және коммуналдық шаруашылығы – 1 678 және 3 187 – басқа да қызмет салалары бойынша ашылған.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы 3 мың 252 адамды жұмысқа орналастырған.