Астанада жұмыссыздарға арналған тегін курстар өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жұмыссыздарға арналған тегін курстар өтеді

01.04.2016
Астанада жұмыссыздарға арналған тегін курстар өтеді

Елорданың жұмыссыз жүрген, кәсібі жоқ, бірақ мамандық меңгеруге ниетті тұрғындары маникюр мастері, шаштараз, электрогаздәнекерлеуші мамандықтары бойынша кәсіптік дайындықтан өте алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қайта даярлау курстары сұранысы жоқ мамандықтар бойынша жұмыссыз жүрген азаматтарға арналған. Осы санатқа жататын азаматтардың білімі туралы дипломы болуы керек, ниет білдіргендер әкімгер, гид-экскурсовод, іс жүргізуші, кондитер, аспаз, электрогаздәнекерлеуші және т.б. мамандықтарды меңгере алады.

Кәсіби шеберліктерін жетілдіргісі келетіндер үшін бухгалтерия және салық бойынша біліктілікті арттыру курстары ашылады. Аталған мамандықтар бойынша оқу үшін бухгалтерлік, экономикалық немесе қаржылық білім болуы керек. Техникалық білімі бар қала тұрғындары қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерге арналған курстарға жазыла алады.

Барлық сұрақтар бойынша «Өркен» іскер орталығы Бейбітшілік к-сі, 25, 2-қабат, 208-каб. мекен жайы бойынша Жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады. 

 

Хабарламаларға жазылу