Композитор Ренат Гайсин «Әйел бақыты» бағдарламасына арнап ән жазды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Композитор Ренат Гайсин «Әйел бақыты» бағдарламасына арнап ән жазды

24.08.2015
 Композитор Ренат Гайсин «Әйел бақыты» бағдарламасына арнап ән жазды

Айта кету керек, Ренат Гайсин «Жаужүрек мың бала» (2012), «Ликвидатор» (2011), «Ағайындылар» (2009) және т.б. фильмдерге саундтрек жазған талантты музыкант.

Ал, Нариман Қойшыбаев басшылық ететін «Әйел бақыты» жобасының ұжымы көрермендерге жаңа маусымда түрлі тосынсый әзірлепті.  «Әйел бақыты» ток-шоуы эфирге 2013 жылдан бері шығып келеді. Қазақстандағы әйелдердің ең танымал ток-шоуының жаңа маусымы бүгін, 24-тамызда басталды.

Оның алғашқы қонақтары әнші әрі актриса Аша Матай мен «Mysterions» тобының әншісі Арман Қоңырбаев 25-қыркүйекте үйлену тойының белгіленгенін хабарлады. «Әйел бақытының» жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы тікелей эфир үстінде осы қуанышты салтанатқа алғашқылардың бірі болып той иелерінен шақыру алды.

«Әйел бақыты» - аруларымыздың жан дүниесімен бөлісіп, басына түскен қиындығын ашық айтуға мүмкіндік беретін айрықша жоба. Бағдарламаға қазіргі күннің алғыр бойжеткенінен бастап, ауылдағы қарапайым қазақ келіндері мен қаладағы іскер әйелдердің бастарынан өткен шынайы оқиғалар арқау болды.

Дүйсенбі мен жұма аралығында «Қазақстан» ұлттық арнасында 15.00-де тікелей эфирде қыз-келіншектердің сырт келбетімен қоса жан-дүниесіне арналған бірегей бағдарламаны жіберіп алмаңыздар.

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу