Ренат Гайсин «Әйел бақыты» хабарының жаңа маусымына арнап ән жазуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ренат Гайсин «Әйел бақыты» хабарының жаңа маусымына арнап ән жазуда

07.08.2015
Ренат Гайсин «Әйел бақыты» хабарының жаңа маусымына арнап ән жазуда

24 тамызда «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Әйел бақыты» ток-шоуының жаңа маусымы эфирге шығады. Осыған орай композитор Ренат Гайсин жаңа маусымға арнап ән жазуда.

Ал, Нариман Қойшыбаев басшылық ететін жоба ұжымы көрермендерге жаңа маусымда түрлі тосынсый әзірлепті.

Айта кету керек, Ренат Гайсин «Жаужүрек мың бала» (2012), «Ликвидатор» (2011), «Ағайындылар» (2009) және т.б. фильмдерге саундтрек жазған талантты музыкант. 

«Әйел бақыты» ток-шоуы эфирге 2013 жылдан бері шығып келеді. Бүгінде бұл хабар еліміздегі «one woman show» форматындағы жалғыз жоба. Жүргізушісі – Ләйлә Сұлтанқызы.

Хабарламаларға жазылу