Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы байқауға өтініш қабылдау жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы байқауға өтініш қабылдау жалғасуда

24.08.2015
Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы байқауға өтініш қабылдау жалғасуда

Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді «Үздік әлеуметтік жоба», «Өз кәсібінің үздігі», «Ақылдылар», «Үздік студент», «Үздік би», «Үздік орындаушы», «Үздік шығармашы», «Ең тату отбасы», «Алтын қалам» аталымдары бойынша өтеді.

Байқауға 18 бен 45 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатыса алады. Әр аталым бойынша жеңімпаздар жас ерекшелігіне қарай анықталады.  Басты мақсат  -  мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ету.

Қатысуға өтініштер Ш. Иманбаева көшесі 16 үй, 2 кабинет мекен-жайы бойынша қабылданады. Байқау ережелерімен басқарманың www.uzsp.astana.kz ресми сайтында танысуға болады.

Хабарламаларға жазылу