Ресейде күнбағыс майының бағасы 2014 жылдың қазанынан бері 90 пайызға көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде күнбағыс майының бағасы 2014 жылдың қазанынан бері 90 пайызға көтерілді

22.08.2015
Ресейде күнбағыс майының бағасы 2014 жылдың қазанынан бері 90 пайызға көтерілді

Қазіргі аталмыш майдың бағасы тоннасына 57 мың рубльге артты, бұл сәуір айындағы бағадан үш есе көп. Ал, 2014 жылдың қазан айымен салыстырғанда 90 пайызға артқан. 

Алдында Росстат  қаңтар мен шілде аралығында күнбағыс майының өндірісі Ресейде қысқартылғандығын мәлімдеген болатын. Осы уақыт аралығында рафинирленбеген күнбағыс майы мен оның фракциясының өндірісі 2,1 миллион тоннаны құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес мерзімінен 10,5 пайызға аз.   

Аграрлық нарықты сараптаумен айналысатын «СовЭкон» сарапшыларынң мәліметтерінше, майға деген бағаның өсімінің басты себебі рубльдің бірден құнсызданып кетуімен байланысты. Сонымен қатар, аталмыш өнім түрін ұсынушылар саны да кеміп отыр.  

Жұмы күні Мәскеу биржасының саудасын ашу кезінде доллар құны 68 рубльге тең болатын. Рубль құны мұнай бағасының құлдырауымен байланысты болып отыр.

Ал жұма күнгі азанғы мәліметтер бойынша, солтүстік теңіздің Brent  маркалы мұнайының фьючерстері Құрлықаралық биржада барреліне 46,04 долларға дейін төмендеді. Бұл соңғы 6 жылдағы ең төменгі баға, деп жазады korrespondent.net.

Хабарламаларға жазылу