Ақтөбеде күнбағыс майы шекті бағамен сатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде күнбағыс майы шекті бағамен сатылады

04.05.2021
0:00:00
0:00:00

Ақтөбеде күнбағыс майы шекті бағамен сатылатын болды. Яғни, әр литрі үшін 608 теңгеден аспауы керек.

Бұл шектеу үш айға белгіленген. Жауаптылардың айтуынша, еліміз бойынша былтырдан бері баға 33 пайызға, ал әлемде 53 пайызға өскен. Одан бөлек өңірдегі күнбағыс майын шығаратын зауыт уақытша қиындықтарға тап болды. Сондықтан, баға шарықтап кетпеу үшін осындай шара қабылданып отыр. Бұған дейін ірі дүкендерде әр адамға тек бір литр майдан ғана сатылатыны айтылғанымен, кәсіпкерлік басқармасындағылар ол ақпаратты жоққа шығарды.

Нұрхан Тілеумұратов,  облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы:
Жылдың басынан бері күнбағыс майының бағасы облыс бойынша 10 пайызға өсті. Ұлттық экономика министрлігінің методикасы бар, баға асқаннан кейін облыс әкімінің қаулысымен шекті баға қойдық. Ақтөбе облысы бойынша 608 теңге. 

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу