Қазақстанда тамыз айындағы инфляция деңгейі 0,4 пайызды құрады

03.09.2014
Қазақстанда тамыз айындағы инфляция деңгейі 0,4 пайызды құрады

Қазақстанда 2014 жылдың тамыз айында инфляция деңгейі өткен аймен салыстырғанда 0,4 пайызды құрады. Жылдың басында - 5,4 пайыз болса, жылдық көрсеткіш - 7,1 пайыз.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, тамыз айында азық-түлік бағасы - 0,1 пайызға төмендеген. Ал, тағамдық емес тауарлар - 1,1 пайызға, ақылы қызметтер құны  - 0,4 пайызға артқан.

Оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы қызметтер - 1,4 пайызға, қоғамдық көліктерде жүру құны - 0,8, мейрамханалар мен қонақүйлер қызметі - 0,7 пайызға, тұрғын үйлерді жөндеу - 0,5, шаштараз бен жеке қызметтер құны 0,3 пайызға көтерілді.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласы бойынша газ  бағасы 1,4 пайызға, ал, ыстық су  0,4 пайызға қымбаттаған.

Хабарламаларға жазылу