Қыркүйек айында «Балапан» телеарнасына 5 жыл толады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыркүйек айында «Балапан» телеарнасына 5 жыл толады

19.08.2015
Қыркүйек айында «Балапан» телеарнасына 5 жыл толады

Телеарнаны құру Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеясы. Телеарна хабарлары қазақ тілінде таратылады. Телеарна «Қазақстан» (РТРК) телерадиокорпорациясының құрамына кіреді.

Ол туралы «Қазақстан» РТРК Баспасөз қызметі хабарлайды.

“Балапан” балалар танымдық ойын-сауық телеарнасының мақсаты - өсіп келе жатқан жас буынның ұлттық тұлғасын қалыптастыру, олардың бойларына отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, үлкенді сыйлауға, көзі ашық, көкірегі ояу азамат болып өсуіне жол салу болып табылады. 

Балапан» телеарнасы алғашында 12 сағат хабар таратса, бүгінде 14 сағат бойы эфирде. Оның бағдарламалары үш жастан он жасқа дейінгі жасөспірімдерге арналғанымен, ересек аудиторияның да ықыласына бөленіп үлгерді.

Бүгінде шетелдік контент санын азайт арқылы меншікті құрамды ұлғайту мүмкіндігі туып отыр.  Бүгінгі таңда меншікті өндіріс саны 30 пайыздан 80-ге дейін көбейген.

Естеріңізге сала кетейік, «Балапан» балалар телеарнасы 6 шілдеден бастап 70 мың халқы бар Байқоңыр қаласында да хабар тарата бастады.

«Балапан» көрермендерге «Отау ТВ» Ұлттық спутниктік телевизия желісі, 78 кабельдік операторлар мен 2 эфирлік хабар таратушылар арқылы жеткізіледі.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу