«Астана» Чемпиондар Лигасының плей-офф раундында АПОЭЛ-ден басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» Чемпиондар Лигасының плей-офф раундында АПОЭЛ-ден басым түсті

19.08.2015
«Астана» Чемпиондар Лигасының плей-офф раундында АПОЭЛ-ден басым түсті

УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф раундының алғашқы кездесуде «Астана» футбол клубы кипрлік АПОЭЛ командасын қабылдады. «Астана-Арена» стадионында өткен ойын 1:0 есебiмен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

«Астана» алғашқы минуттан басымдыққа ие болып, қонақтарды қыспаққа алды. Осындай ойынның арқасында 14-ші минутта Фокси Кетевоамадан пас алған Бауыржан Жолшиев баспен гол соқты.

Екінші таймда АПОЭЛ футболшылары допты өз бақылауына алып, басымдыққа ие бола бастады. Олар қорғаныста сақ, шабуылда нәтижелі ойнауға тырысты. Алайда болған мүмкіндіктерін пайдалана алмады.

«Астана»: Ненад Эрич (қақпашы), Марин Аничич, Бранко Илич, Евгений Постников, Неманья Максимович, Георгий Жуков, Фокси Кетевоама, Дмитрий Шомко, Рохер Каньяс, Таңат Нөсербаев, Бауыржан Жолшиев.

АПОЭЛ: Бой Ватерман (қақпашы), Карлао, Мариос Антониадис, Иньяки Астис, Мариу Сержиу, Георгиос Эфрем, Нектариос Александру, Константинос Макридис, Нуну Мораиш, Томас Де Винcенти, Луиш Леал.

Енді екі команданың қарымта кездесуі 25 тамыз күнi Кипрда өтедi.

Хабарламаларға жазылу