Ауыл азаматтары әлеуметтік төлемдер туралы консультациялық көмектер алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл азаматтары әлеуметтік төлемдер туралы консультациялық көмектер алды

18.08.2015
Ауыл азаматтары әлеуметтік төлемдер туралы консультациялық көмектер алды

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметтерінің мәліметтері бойынша, 9,7 мың ауыл азаматы өз ауылдарынан ұзамастан, түрлі әлеуметтік төлемдер бойынша консультациялық көмектер алған.

Оларды толғандырған сауалдарға Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы мен "Қапошта" АҚ-ның өкілдері және арнайы жедел топ өкілдерімен келген халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары жауап берген.   

Бұл бағыттағы жұмыстарға бүгінде аталған ұйымдардың 830 қызметкері тартылған. Нәтижесінде жедел топ өкілдері 9 мың 718 азаматтың 6 мың 14-не түрлі әлеуметтік төлемдерге байланысты, 1 мың 958-не құжат мәліметтеріне өзгертуге байланысты ақыл-кеңестер беріліп, 1 мың 746 азамат зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға құжат тапсырған.  Жедел топтардың бұл бағыттағы жұмыстары жылдың соңына дейін жалғасады.

Хабарламаларға жазылу