Сауд Арабиясының «FlyNas» әуе компаниясы қазақстандық қажыларды тасымалдайтын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясының «FlyNas» әуе компаниясы қазақстандық қажыларды тасымалдайтын болды

17.08.2015
Сауд Арабиясының «FlyNas» әуе компаниясы қазақстандық қажыларды тасымалдайтын болды

Келіссөздердің нәтижесі бойынша «FlyNas» авиакомпаниясы қазақстандық қажыларды Сауд Арабиясына тасымалдау үшін Алматы – Жидда – Алматы және Алматы – Медина – Алматы бағыттары бойынша рейстерді орындауға дайындығын білдірді.

Авиакомпания барлық 4005 қазақстандық қажыны Сауд Арабиясына тасымалдауға дайын.

Қазақстан Республикасының Индустриялар және сауда министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметтерінше, Қазақстаннан Сауд Арабиясына жоспарланған ұшып кету күндері – 2015 жылғы 11-16 қыркүйек аралығы, ұшып келу күндері – 2015 жылғы 27 қыркүйек – 7 қазан аралығы.

Аталған рейстер Airbus A330 және Boeing 767/757 ұшақтарымен атқарылатын болады.  

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу