Айсұлу Әбдікерім: Баланы сәби кезінен өнерге баулыған дұрыс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айсұлу Әбдікерім: Баланы сәби кезінен өнерге баулыған дұрыс

17.08.2015
Айсұлу Әбдікерім: Баланы сәби кезінен өнерге баулыған дұрыс

Жастайынан өнерге құштар Айсұлу Әбдікерімді бүгінде көпшілік цирктегі тамаша қойылымдарынан жақсы таниды.

Әсем әуен ырғағында көгершіндерімен мың бұрала билейтін сұлу қыздары да бүгінде аналарының жолын таңдаған. Айсұлудың бұл таңдауға  ана ретінде де, ұстаз ретінде де еш қарсылығы болмапты.

«Баланы сәби кезінен өнерге баулыған дұрыс. Қыз балаға өнердің берері көп. Әсемдікке, тазалыққа, тәртіпке үйретеді»,-дейді Айсұлу.

Цирктің жазғы маусымдық демалысында көгершіндерін күнге жиі шығарып, саябақта бірге серуендейтін бұл отбасының баста қағидасы – «Береке түбі – бірлікте». 

Олар тек сахнада ғана емес, өмірде де бір-біріне тілекші әрі қамқоршы отбасы туралы «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу