«SCAT» әуе компаниясының чартерлік рейсінің 239 жолаушысы Шымкенттен Анталияға ұша алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Балаларымен бірге демалысқа аттанбақ болған жолаушылардың көбі таңғы сағат 9.00-дан бері әуежайдың транзит аймағында отыр.
Әуе компаниясының өкілінің айтуынша, рейстің кешігуі, техникалық ақауларға байланысты болған.