Маска тақпағандар ұшақта төбелес шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маска тақпағандар ұшақта төбелес шығарды

04.08.2020

Нидерландық KLM әуе компаниясының Амстердам – Ибица рейсі бортында екі жолаушы маска тағудан бас тартқандықтан төбелес басталды.

Boeing-737 ұшағының салонында маска тағудан бас тартқан екі жолаушы қалған адамдардың мазасын ала бастаған. Салдарынан оқиға ушығып, төбелеске айналды.

KLM мәліметінше, бұзақыларды басқа жолаушылар рейс бойы ұстап, Ибицаға жеткен кезде Испания полициясына берген.

«Екі жолаушы маска тағудан бас тартып, жанындағы жолаушылардың мазасын кетірген. Ұшқыш жергілікті билікке хабарлап, Ибица әуежайында екеуі де тұтқынға алынды», - деді әуе компаниясының өкілі.

Осыған ұқсас оқиға Атырау қаласында да орын алған болатын. Бетперде тағудан бас тартқан Атырау – Ақтау рейсінің жолаушысы ұшақ бортынан шығарылып, полицияға табысталған. Құқық бұзушының үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440 бабы 1-бөлігі және 566 бабы бойынша 8 АЕК негізінде (22 224 теңге) айыппұл салынды


Хабарламаларға жазылу