Малайзияның 239 жолаушысы бар ұшағы байланысқа шықпай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзияның 239 жолаушысы бар ұшағы байланысқа шықпай отыр

08.03.2014
Малайзияның 239 жолаушысы бар ұшағы байланысқа шықпай отыр
Malaysia Airlines әуе компаниясы 239 жолаушысы бар ұшақпен байланысқа шыға алмай отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
 
Әуе тасмалдаушы компанияның хабарлауынша, ұшақта 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі бар. Boeing 777-200 ұшағы Куала-Лумпурдан Бейжіңге бағыт алған екен. Ұшақ радардан жергілікті уақыт бойынша 02.40 шамасында, әуеге көтерілгеніне 19 минут болғанда жоғалып кеткен.
 
Жолаушылардың арасында Ресей, Украина, АҚШ, Италия, Франция және Қытай азаматтары болған.
 
«Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, ұшақ Вьетнамның әуе кеңістігінде жоғалып кеткен. Малайзия басшылығы іздестіру-құтқару шараларын жүзеге асырып жатыр» делінген агенттік таратқан хабарда.

Хабарламаларға жазылу