Атыраудағы инвесторларға қызмет көрсететін отандық компания - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы инвесторларға қызмет көрсететін отандық компания

13.08.2015
Атыраудағы инвесторларға қызмет көрсететін отандық компания

Инвесторларға қызмет көрсету орталығының міндеттері мен атқаратын қызметтері аймаққа инвестиция тарту  үшін инвесторлар іздеу, аймақтық деңгейде инвесторлардың жобаларын  сервистік қолдау және жүргізу.

Статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес, Атырау облысында 516 отандық өнеркәсіп кәсіпорыны тіркелген. Олардың ішінде 486 шағын, 23 орта және 10 ірі кәсіпорындар.

Облыстың негізгі өнеркәсіп әлеуетін әлем нарығына бәсекеге қабілетті өнім шығаратын «ТеңізШевройл» ЖШС, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ, «Матен Петролеум» АҚ және басқа да ірі кәсіпорындар құрайды. Өңдеу өнеркәсібінде «Атыраулық МӨЗ» ЖШС-мен көрсетілген мұнай өңдеу саласы алға шығып отыр.

Атыраудағы инвесторларға қызмет көрсететін отандық компанияның атқаратын қызметі туралы толығырақ бүгін сағат  19:05-те «Индустрияландыру: ұлттық өндіріс» хабарынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу