1961 жылы 13 тамызда Берлин қабырғасын салу басталды. Қабырғаны салудағы мақсат – ГДР-нан Батыс Берлинге кететін қашқындар санының жылдан жылға артуын тоқтату еді. Айта кету керек, қабырға салынбас бұрын батысқа қашқандар саны екі миллионға жеткен.
Осыған байланысты Батыс елдері қарсылық танытқан, ГДР мен ГФР-да шеру өтті. Алайда, бұл еш нәтиже бермеді. Берлиннің қақ ортасында бетоннан құйылған бес метрлік қабырға бой көтерді.
Қабырғаның жоғары жағына тікенек сым тартылып, қарауылы бар мұнара орнатылды. Қаланы екіге бөліп тұрған қабырғаның ұзындығы 45 шақырымды құрады.
1989 жылдың 9 қарашасында ГДР-да коммунистік режим құлағаннан кейін, Берлин қабырғасы бұзылды. Бүгінде Берлин қабырғасының музейі бар.