Бүгін - Берлин қорғанының құлағанына 32 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Берлин қорғанының құлағанына 32 жыл

09.11.2021

Бүгін - Берлин қорғанының құлағанына 32 жыл. Осыған орай Германияда еске алу шаралары өтіп жатыр. Халық Бернауэр көшесіндегі Берлин қорғаны мемориалына барды. Екінші дүниежүзілік соғыста Германия жеңілген соң бұл ел АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Кеңес Одағы арасында өзара бөліске түскен еді. Ал 1961 жылы халықтың Шығыс Германиядан Батысқа кетуін тоқтату үшін Берлин қабырғасы тұрғызылды. Ол 1989 жылға дейін Германияны физикалық және идеологиялық жағынан екіге бөліп тұрды. Ұзындығы 155 шақырымға созылған қорған құлатылған соң қос Германияның ғана емес, жалпы Еуропаның бірігуіне жол ашты. 


Хабарламаларға жазылу