Павлодарда 10 тамыздан бастап 1-сынып оқушыларына оқулықтар таратылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда 10 тамыздан бастап 1-сынып оқушыларына оқулықтар таратылады

01.08.2015
Павлодарда 10 тамыздан бастап 1-сынып оқушыларына оқулықтар таратылады

10 тамыздан бастап Павлодар облысында мектеп табалдырығын аттайтын 1-сыныптың 11 мыңнан астам оқушысына оқулықтар таратылады. Сондай-ақ, «Мектеп оқулығы» акциясы шеңберінде әрбір бірінші сынып оқушысына Елбасының атынан «Менің Отаным – Қазақстан» кітабы сыйға тартылады.

Биылғы оқу жылына арналған оқулықтар балаларға 10-18 тамыз аралығында үйлестіріледі.

11 тамыз күні – 2-3 сынып, 12 тамызда – 4-5 сынып, 13 тамызда – 6-7 сынып, 14 тамызда – 8-9 сынып, 17 тамызда – 10 сынып және 18 тамызда – 11 сынып оқушылары кітаптар беріледі.

Еске сала кетейік, жаңа оқу жылында өңірде 11 мыңнан астам балғын бірінші сынып табалдырығын аттайды. Өткен жылы бірінші қыркүйекте аймақта 10800 бірінші сынып оқушысы мектеп партасына отырған. Ата-аналардың басым бөлігі балаларын алты жастан мектепке беруді жөн көреді.

Былтырғы мәліметке сүйенсек, бұл бірінші сынып оқушыларының жалпы санынан үштен бір бөлігін құрайды, деп жазады pavlodarnews.kz.


 

Хабарламаларға жазылу