Шымкентке түрік бағбандары келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентке түрік бағбандары келді

12.08.2015
Шымкентке түрік бағбандары келді

Шымкент қаласындағы «RS агрогруп холдинг» ЖШС-нің алма бауында семинар өтті.

Оған облыстың түкпір-түкпірінен келген бау-бақша бағбандары қатысты. Басты мақсат - «Sungenta» мекемесі шығаратын химиялық нитраттарды дұрыс қолдануды үйрену.

Жиында бақша өнімдерін құрт-құмырсқалардан сақтау жолдары түсіндірілді. «RS агрогруп холдинг» ЖШС-нің алма бауы биыл алғашқы рет гүлдеп, жеміс салған да екен. Көктемгі аяз бау-бақша өнімдеріне айтарлықтай зиянын тигізген. Соған қарамастан екі гектар алма алқабынан 5 тонна өнім жиналыпты.

Кездесуге Түркия мамандары да арнайы келіп қатысты. ЖШС-нің бұл алма бауы 2013 жылы егілген. Көшеттер Түркияның «Гүлбұдақ» мекемесінен алынған.

Соңғы жылдары облыста қарқынды алма бау өсіру қолға алынды. Мамандардың мәлімдеуінше, бүгінде егілген баудың көлемі екі мың гектарға жуақтаған. Ең бастысы, осы бау-бақшаның өніп-өсуін ауыл шаруашылығы институттары да бақылауға алып, егілген ағаш көшетерін күтіп ұстауға түрлі кеңестерін береді, деп хабарлайды Шымкент қаласының әкімдігі.

Хабарламаларға жазылу