Алматыда селдің салдарын жою жұмыстары кезінде құлау қаупі бар 119 ағаш кесілді
Алматыда сел тасқынының салдарын жою жұмыстары кезінде Наурызбай, Алатау және Әуезов аудандарынан 263,5 мың текше метр балшықты тастар шығарылды.
Наурызбай ауданында Қарғалы өзенінің бүлінген 5 шақырымдық арнасын нығайту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, №187 мектеп ғимаратының астыңғы қабатын тазалау жұмыстары жалғасуда.
Республикалық жедел-құтқару отряды және қалалық Құтқару қызметінің мамандарымен құлау қаупі бар 119 ағаш кесілді.
Коммуналдық қызмет мамандары қала тұрғындарын су және табиғи газбен қамту жұмыстарын қалпына келтіру шараларын жүргізуде.
Сел тасқынының салдарын жою жұмыстарына жеке құрамнан 1133 адам және 198 бірлік техника тартылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03