Аргентина: Билік партиясының өкілі алдын ала өткен сайлауда алдына жан салмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентина: Билік партиясының өкілі алдын ала өткен сайлауда алдына жан салмады

10.08.2015
Аргентина: Билік партиясының өкілі алдын ала өткен сайлауда алдына жан салмады

Аргентинада алдын ала сайлаулар өтті.  Ел азаматтары 15 кандидаттың қайсысының қазан айының соңына жоспарланып отырған нағыз сайлауға қатыса алатындығын анықтады. Жергілікті саясаткерлер алдын ала сайлауды өзіндік қоғамдық сауалнама ретінде бағалауда.

Алдын ала сайлаудың нәтижелері бойынша, билік партиясының өкілі Буйнес-Айрес провинциясының губернаторы Даниель Сциоли көшбасшы атанып отыр.  Ол республика тұрғындарының үштен бірінің даусын жинаған. Алайда, консервативті оппозиция көшбасшыы Саурисио Макри көшбасшыдан тек бірнеше пайызға ғана ұтылып отыр.  

Қазіргі билік басындағы президент Кристина Киршнер өзінің кандидатурасын үшінші рет қатарынан ұсына алмайды.  "1983 жылдан кейінгі сайлаулардың барлығы өте күрделі жағдайда өткен болатын. Ал қазіргі жағдай тұрақты, аргентиналықтар емін-еркін дауыс бере алады",-деді Мемлекет басшысы, деп жазады euronews.com.

Хабарламаларға жазылу