Исламиада ойындарында қазақстандық спортшы рекорд жаңартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Исламиада ойындарында қазақстандық спортшы рекорд жаңартты

18.08.2022

Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Исламиада ойындарында отандасымыз Әділбек Мусин рекорд жаңартып, жүлде қорын толықтырды. Суға жүзудің баттерфляй әдісімен 50 метрге жарысуда алдына жан салмады. Осы көрсеткіш арқылы ол Қазақстан рекордына да өзгеріс енгізді. Осыдан бұрын Әділбек 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде үздік нәтижеге қол жеткізгенін хабарлаған едік. Көрсеткіші 53,20 секунд болды. Жалпы, Ислам ынтымақтастығы ойындарында суға жүзушілеріміз командалық есепте екінші орынды иеленіп отыр.

Хабарламаларға жазылу