Насыр Рүстемовтың туындысы Қызылорда облысында өткен мүсіндеме сайысында алғашқы орыннан көрінген.
Қазір туындыны ұлттық комиссия мүшелері талдауда.
Автор мүсіннің сәтті шығуы үшін 6 ай жұмсаған.
Бүгінге дейін 100-ден астам туынды жасаған Насыр Рүстемов жаңа шығармасында Мұстафа Шоқайдың кейпін, тұлғасын ғана емес, оның өмірдегі шынайы болмысын көрсеткісі келгенін жеткізді, деп хабарлайды otyrar.kz сайты.