Басты Жаңалықтар Ертең «KAZsport» Ағылшын Премьер Лигасының жаңа маусымын көрсетуді бастайды

Ертең «KAZsport» Ағылшын Премьер Лигасының жаңа маусымын көрсетуді бастайды

Ертең «KAZsport» Ағылшын Премьер Лигасының жаңа маусымын көрсетуді бастайды

Биылғы маусым 2015 жылдың 8 тамызында басталып, 2016 жылдың 15 мамырында аяқталады. Чемпиондық атақ үшін 20 команда таласады. Оның үшеуі АПЛ-ға төменгі дивизионнан қосылған жаңа команда, яғни «Борнмут», «Уотфорд» және «Норвич Сити».

2015/16 маусымда Премьер Лигада Лондоннан 5, Ливерпуль мен Манчестерден екі клуб сынға түседі. Сонымен қатар, чемпионатта уэльстік «Суонси Сити» бақ сынайды.

Еске сала кетейік, 8 тамыз күні сағат 17:00-де «KAZsport» телеарнасы маусым алдындағы АПЛ-ға шолуды көрсетеді. Ал, сағат 17:30-да тікелей эфирде «Манчестер Юнайтед» пен «Тоттенхэм» арасындағы ойынды тікелей эфирде көре аласыздар.

Сонымен қатар, телеарнадан 9 тамыз күні сағат 20:50-де «Сток сити» - «Ливерпуль» матчын тікелей эфирде көрсетіледі.

КӨРСЕТІЛІМ КЕСТЕСІ:


8 тамыз
17:30. ФУТБОЛ. Ағылшын Премьер-лигасы. «Манчестер Юнайтед» - «Тоттенхэм». Тікелей эфир

9 тамыз
08:00. ФУТБОЛ. Ағылшын Премьер-лигасы. «Борнмут» - «Астон Вилла»
10:00. ФУТБОЛ. Ағылшын Премьер-лигасы. «Эвертон» - «Уотфорд»
12:00. ФУТБОЛ. Ағылшын Премьер-лигасы. «Норвич Сити» - «Кристал Пэлас»
14:20. ФУТБОЛ. Ағылшын Премьер-лигасы. «Челси» - «Суонси Сити»
20:50. ФУТБОЛ. Ағылшын Премьер-лигасы. «Сток сити» - «Ливерпуль». Тікелей эфир
23:00. ФУТБОЛ. Ағылшын Премьер-лигасы. «Арсенал» - «Вест Хэм Юнайтед»
01:00. ФУТБОЛ. Ағылшын Премьер-лигасы. «Ньюкасл» - «Саутгемптон»

Бөлісу