Бүгін «Абердин» - «Қайрат» матчы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Абердин» - «Қайрат» матчы өтеді

06.08.2015
Бүгін «Абердин» - «Қайрат» матчы өтеді

Бүгін шотландияның «Питтодри» стадионында Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясында жергілікті «Абердин» алматылық «Қайрат» командасымен ойнайды.

Матчқа чехиялық Мирослав Зелинка төрелік етеді. Оған отандастары Ондржей Пеликан мен Радек Котик көмектеседі.

«Қазақстаннан жол ұзақ болды. Оның үстіне ұшағымыз сынып, Абердинге кешігіп келдік. Алайда бүгін тынығып, жаттығуды бастап кеттік. Командамыздағы Плиев ойынға шығуға дайын емес, ал Гоу мен Риераның аздап жарақаты бар. Біздің мақсатымыз – Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығу. Алайда бұл оңай емес, себебі «Абердин» мықты ұжым.

Бүгін жанкүйерлер шабуылы көп футбол көреді. Біз тек гол соғып, жеңіске жетуге тырысамыз», деді Абердинде өткен ойын алдындағы баспасөз мәслихатында «Қайрат» командасының бас бапкері Владимир Вайсс.

Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясындағы «Абердин» - «Қайрат» матчы бүгін түнгі сағат 00:45-те Абердиннің (Шотландия) «Питтодри» стадионында өтеді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен алғашқы ойында «Қайрат» 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Алаң иелері сапынан Михаил Бақаев (13 мин.) пен Бауыржан Исламхан (22 мин.) гол соқты. Ал, матчтың 68-ші минутында «Абердин» ойыншысы Кенни МакКлин есеп айрмасын қысқартты.

 

Хабарламаларға жазылу