Спорт әлеміндегі жаңалықтар «Sport.kz»-те - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спорт әлеміндегі жаңалықтар «Sport.kz»-те

21.07.2015
Спорт әлеміндегі жаңалықтар  «Sport.kz»-те

16 шілде күні «Қайрат» пен армениялық «Алашкерт» өзара кездесіп, 3:0 есебімен алматылық  команда алға шыққан еді. Енді 23 шілдеде «Қайрат» армениялық клубты жеңсе,  онда УЕФА Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңінде хорватиялық «Риека» мен шотландиялық «Абердин» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Айта кетейік, «Абердин» сырт алаңда «Риеканы» 3:0 есебімен жеңген.

Осы аптаның тағы бір айтулы жарысы  Дэвис Кубогы әлемдік тобының Австралия мен Қазақстан арасындағы 1/4 финалының матчтары аяқталды.

Аптадағы ең маңызды спорт жаңалықтарын «Sport.kz» хабарынан бүгін 12:45-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу