Ол бес кездесуінің төртеуін «иппон» ұпайымен ұтты. Финалда италиялық Бьяджо д'Анджелоға қарсы әдемі әдіс жасауы арқылы «иппон» ұпайын иеленіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Дзюдо федерациясы.
Жарысқа әлемнің 59 елінен 500-ге жуық спортшы қатысуда. Байрақты бәсеке 8 тамызға дейін жалғасады.
Жарыс нәтижесі. Жасөспірімдер (50 келіге дейін)
1. Айболат Ыстыбай (Қазақстан)
2. Бьяджо д'Анджело (Италия)
3. Нармандах Баянмунх (Моңғолия)
3. Казбек Нагучев (Ресей)