Оралда грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты өтті

04.12.2014
Оралда грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты өтті

Орал қаласында, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушылары арасында грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыста  еліміздің 13 облысынан келген 100-ден астам жеткіншек бақ сынады.

Мұндағы мақсат – жас буынның бабын бағамдау, арасынан үздіктерді іріктеу. Кезінде осы дода жергілікті палуандардың бағын ашуға көмектескен еді. Мәселен, Әлем чемпионы Артур Үмбетқалиев пен Азия чемпионы Айбек Марданов, алғаш рет кадеттер арасындағы жарыста топ жарғандар.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу