Қызылорда облысының әкімі дзюдодан жастар арасында Әлем чемпионы Мағжан Шәмшәдинді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының әкімі дзюдодан жастар арасында Әлем чемпионы Мағжан Шәмшәдинді қабылдады

30.10.2015
Қызылорда облысының әкімі дзюдодан жастар арасында Әлем чемпионы Мағжан Шәмшәдинді қабылдады

Жас спортшының жетістігімен құттықтаған облыс әкімі оған ақшалай сертификат табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, қызылордалық дзюдошы Мағжан Шәмшәдин үстіміздегі жылдың 24-27 қазан аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Әбу-Дабиде жастар арасында әлем чемпионы атанды.

Ол 55 келі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Достон Рузиевті, армениялық Ваган  Ховсепянды,  әзірбайжандық Натиг Гурбанлиді, жартылай финалдық кездесуде грузиялық Ираклий Купанадзені ұтты. Ал, финалда Оңтүстік  Корея елінің спортшысы Ха Рим Лимен кездесіп, таза жеңіске жетті, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Мағжан Шәмшәдин  Қазақстаннан шыққан жастар арасындағы екінші әлем чемпионы.

М.Шәмшәдин  1997 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ж.Баһадүр  атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты бітірді. Қазіргі таңда М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжде 2-курста оқиды.

 

 

Хабарламаларға жазылу