Астанада жыл басынан бері 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды
Астана қаласында ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдайға сәйкес 10 530 жаңа жұмыс орны ашылған.
Оның ішінде өнеркәсіп саласында - 827, сауда - 2 418, көлік және байланыс саласында - 679, білім және денсаулық сақтау саласында - 1 741, құрылыс және коммуналдық шаруашылығы саласында - 1 678 орын ашылса, 3 187 жұмыс орны басқа да қызмет салаларында құрылған.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығымен 3 252 адам жұмысқа орналастырылды.
Жастар тәжірибесінен өтуге 325 түлек және жаңа мамандық меңгеру мақсатында 400 адам қайта даярлауға бағытталды.
Сондай-ақ, 104 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, деп хабарлайлы қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03