«Астана» мен «ХИК» арасындағы ойын басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» мен «ХИК» арасындағы ойын басталды

05.08.2015
«Астана» мен «ХИК» арасындағы ойын басталды

Дәл қазір «Астана-Аренада» Чемпиондар Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясында елордалық «Астана» финляндиялық «ХИК» командасымен кездесуі басталды.

Алаңға «Астана» сапынан шығатын футболшылар: Эрич, Аничич, Максимович, Жуков, Нусербаев, Жолшиев, Илич, Твумаси, Постников, Шомко, Каньяс.

Алғашқы минуттан «ХИК» командасы үшін Эрлунн, Баах, Хейккинен, Танака, Хавенаар, Морен, Джаллоу, Сорса, Шюллер, Зенели, Мусси ойнайды.

Ойынға израильдік Алон Йефет төрелік етеді.

Еске сала кетейік, матчты «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде. Сонымен қатар, ойынды мына сілтеме арқылы тамашалауға болады.

Хабарламаларға жазылу