Дания-Қазақстан кездесуін «Қазақстан» және Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дания-Қазақстан кездесуін «Қазақстан» және Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді

09.11.2016
Дания-Қазақстан кездесуін «Қазақстан» және Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді

Қарашаның 11-інен 12-сіне кеткен түні 2018 жылғы футболдан Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Дания командасымен кездеседі. Ойын Копенгаген қаласындағы «Паркен» стадионында өтеді.

Матчқа Алон Йефет бастаған израильдік мамандара төрелік етеді. Естеріңізге сала кетсек, Алон Йефет былтырғы маусымдағы Чемпиондар лигасындағы «Астана» — «ХИК» кездесуіне төрелік еткен. 

Кездесуді тікелей эфирде «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарынан көре аласыздар. Трансляцияның басталуы түнгі 01:35-те.

Матч қарсаңында 01:00-де  «Kazsport» телеарнасының тікелей эфирінде атақты футболшылар қатысатын бағдарлама көрсетіледі.

Жеңіске бірге жетейік!

 

 

Хабарламаларға жазылу