Бахрейндік Алазин Тарек – су спорты түрлерінен 16-шы Әлем чемпионатының ең жас қатысушысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бахрейндік Алазин Тарек – су спорты түрлерінен 16-шы Әлем чемпионатының ең жас қатысушысы

05.08.2015
Бахрейндік Алазин Тарек – су спорты түрлерінен 16-шы Әлем чемпионатының ең жас қатысушысы

Себебі Бахрейн құрамасының спортшысы жарыстың ең жас қатысушысы. Ол небәрі 10 жаста. Назарларыңызға Алазиннің ұйымдастырушыларға берген сұхбатын ұсынамыз.  

– Алазин, Сіз 2015 жылғы Әлем чемпионатының ең жас қатысушысы екеніңізді білесіз бе?

– Иә, бұл керемет.

– Сіз осындай жаста Әлем чемпионатына қалай іріктелдіңіз?

– Мен Бахрейн құрамасының ең жылдам жүзушісімін (күледі).

– ???

–Іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өттім. Онда жасы үлкен қыздар болды. Әрине. Алайда, мен іріктеу сайыстарына қатысу үшін өз жасымдағы қарсыластырымды ұттым.

– 2015 жылғы ӘЧ-на қандай жоспарыңыз ба?

– Ең бастысы осындай жоғары деңгейдегі жарыстан тәжірибе жинау. Олимпиада чемпиондарының техникасын зерттеп, өзіме керегін алу.  

– Қай сайыстарға қатысасыз?

– Мен 50 метр қашықтықтағы баттерфляй мен еркін стильде сынға түсемін.

– Сіз отаныңызда қалай жаттығасыз?

– Біз Бахрейнде жүзумен аптасына 5 рет айналысамыз: таңертең және кешке.

– Осындай қиын жаттығулар сабаққа әсер етпей ме?

– Әзірге ештеңе кедергі келтірмейді. Сабақ оқу да, жүзумен айналысу да маған өте ұнайды. Мектептегі жақсы көретін пәнім – метематика.

– Алазин, жауабыңыздан көрініп тұрғандай сіз өте батылсыз. Ата-анаңыз кім?

– Менің анам – мұғалім. Әкем бұрын кәсіби жүзуші болған. Бізді спортшылар династиясымыз. Себебі менің кіші сіңілім де жүзумен айналысады.   

Айта кетейік, «KAZsport» телеарнасы Қазанда өтіп жатқан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетуде.

 

Фото: kazan2015.com

 

Хабарламаларға жазылу