Белградта өтіп жатқан күрестен Әлем чемпионатында Азамат Дәулетбеков қола медаль жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белградта өтіп жатқан күрестен Әлем чемпионатында Азамат Дәулетбеков қола медаль жеңіп алды

18.09.2023

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан күрес түрлерінен Әлем чемпионатында 86 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Азамат Дәулетбеков қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін болған белдесудің соңғы секундында бахрейндік спортшыны 5:3 есебімен жеңді. Осылайша, Париж Олимпиасының лицензиясына қол жеткізді.

Сонымен бірге 57 келіде бақ сынап жатқан Мейрамбек Қартбай Әлем Чемпионатының 1/2 финалында сүрініп, қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Алғашқы айналымда Пуэрто-Риколық спортшыны, 1/8 финалда Египет өкілін, ширек финалда Германия балуанын жеңді. Ал, жартылай финалда Жапониялық спортшыға жол берді. Қола медальді Армениялықпен сарапқа салады. 79 келідегі Болат Сақаев та Әлем біріншілігінің қола жүлдесі үшін күреседі. Қарсыласы - Украина балуаны. Ал, 92 келіде ел намысын қорғап жатқан Ризабек Айтмұқан 1/2 финалда грузиялық спортшыны 8:1 есебімен жеңіп, финалдық белдесуге жолдама алды. Алтын медальді Әзірбайжан балуанымен сарапқа салады.


Хабарламаларға жазылу