Астанада 2016 жылға қарай көкөніс қоймаларының көлемі 60 мың тоннаны құрайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 2016 жылға қарай көкөніс қоймаларының көлемі 60 мың тоннаны құрайды

03.08.2015
Астанада 2016 жылға қарай көкөніс қоймаларының көлемі 60 мың тоннаны құрайды

Астана қалалық Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының хабарлауынша ағымдағы жылдың басынын бері «Целинсельмаш» ЖШС көкөніс қоймасы (сақтау көлемі 2500  тонна), «Astana Food Storage» ЖШС көкөніс қоймасы (сақтау көлемі 2500  тонна) және  «Астык Логистик» ЖШС «А» классының қойма кешені (32 730 орындық) пайдалануға берілген.

Сонымен қатар, елорданың Индустриалды паркі аумағында «Казглавпродукт» ЖШС қораптау желісі бар көлік-логистикалық орталығының құрылысы аяқталды. Кәсіпорын желісін кеңейту мақсатында сақтау көлемі 19 500 болатын 6 көкөніс қоймасы және жылына 4 850 тонналық қуаты бар  2 жылыжай салынуда.

2016 жылы барлық жобалар пайдалануға берілген уақытта қаланың жеміс және көкөніс өнімдері (60 000 тонна) мен жылыжай өнімдерін (маусымаралық кезеңде 8000 тонна) сақтау көлеміне сұранысы толықтай жабылады. 

Хабарламаларға жазылу