Елде шамамен 1 миллион 100 мың тонна көкөніс сақталады- Сақташ Хасенов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде шамамен 1 миллион 100 мың тонна көкөніс сақталады- Сақташ Хасенов

29.09.2014
Елде шамамен 1 миллион 100 мың тонна көкөніс сақталады- Сақташ Хасенов

Қазақстанда сақталатын көкөніс көлемі шамамен 1 миллион 100 мың тоннаны құрайды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов мәлімдеді, деп хабарлайды ortcom.kz.

«Бұл бір реттік сақтау үшін жеткілікті. Алайда, біз жыл өткен сайын сұраныстың артуына байланысты, бұл өнім түрлері де артып келе жатыр», - деді төраға.

С.Хасеновтің айтуынша, жыл сайын елде жеңілдікпен берілетін несиенің арқасында көкөніс өнімдерін сақтауға арналған қосымша орындар салынған.

 

Фото: ortkom.kz

Хабарламаларға жазылу