Павлодар облысында 1-сыныптың 11 мыңнан астам оқушысына оқулықтар тегін таратылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 1-сыныптың 11 мыңнан астам оқушысына оқулықтар тегін таратылмақ

02.08.2015
Павлодар облысында 1-сыныптың 11 мыңнан астам оқушысына оқулықтар тегін таратылмақ

Биылғы жылдың 10-тамызынан бастап Павлодар облысында 2015-2016 оқу жылы мектеп табалдырығын аттайтын 1-сыныптың 11 мыңнан астам оқушысына оқулықтар тегін таратылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты.

Білім беру басқармасының ақпаратына сүйенсек, «Мектеп оқулығы» акциясы шеңберінде әрбір бірінші сынып оқушысына Елбасының атынан «Менің Отаным – Қазақстан» кітабы сыйға тартылады.

«Мектепке оқулық сыйла!», «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы оқушылар мен жұртшылықтың, меценаттардың қатысуымен өткізіледі.

Павлодар облысында мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында 593 миллион теңге бөлінген.

Жаңа оқу жылында 11 мыңнан астам балғын бірінші сыныптың табалдырығын аттайды. 

Хабарламаларға жазылу